Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Екібастұзда мас күйде көлік басқарған ер адам жүргізуші куәлігінен айырылды

Екібастұзда мас күйде көлік басқарған ер адам жүргізуші куәлігінен айырылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

«Құқықтық тәртіп» жедел алдын алу іс-шарасы барысында 26 сәуірде сағат 14.00 шамасында Екібастұз қаласында М. Жүсіп көшесінде патрульдік қызмет ротасының қызметкерлері 46 жастағы жүргізушінің басқаруымен Volkswagen Passat көлігін тоқтатты.

Медициналық қорытындыға сәйкес, 46 жастағы жүргізуші мас күйде болған.

– Жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБК 608-бабы (Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру) бойынша әкімшілік іс қозғалды. Материал сотқа жіберілді, – деп хабарлады Екібастұз қаласы ПБ бастығының бірінші орынбасары Төлеген Құдайбергенов.

Полиция әкімшілік құқық бұзушылық бойынша мамандандырылған сот жүргізушісінің көлік құралын басқару құқығынан айырылғанын және 15 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алынғанын атап өтті.

Есептік кезеңде ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы (Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру) бойынша мас күйінде болған 84 жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру