Екібастұзда мас күйде көлік басқарған тұрғын жүргізуші куәлігінен айырылды
Екібастұзда мас күйде көлік басқарған тұрғын жүргізуші куәлігінен айырылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Екібастұздағы Бұқар Жырау көшесінде сағат 02:10 шамасында полиция қызметкерлері 31 жастағы мас әйел жүргізген DAEWOO MATIZ көлігін тоқтатты. Сот шешімімен жүргізуші жеті жылға әкімшілік қамауға алынбай жүргізуші куәлігінен айырылды, өйткені оның екі кәмелетке толмаған баласы бар.
Полицияда ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабының 1-бөлігіне сәйкес мас күйінде жүрген жүргізушінің көлік құралын жүргізуі 15 тәулікке әкімшілік қамауға алу және жеті жыл мерзімге көлік құралын жүргізу құқығынан айыру көзделгенін еске салды.
Бұл жағдайда ҚР ӘҚБтК-нің 50-бабы 2-бөлігі қолданылды – әкімшілік қамауға алу жүкті әйелдерге және 14 жасқа дейінгі балалары бар әйелдерге, 18 жасқа толмаған адамдарға, 1-2-топтағы мүгедектерге, сондай-ақ 58 жастан асқан әйелдерге, 63 жастан асқан еркектерге және 14 жасқа толмаған балаларды тәрбиелейтін еркектерге қолданылмайды.
– Жыл басынан бері Екібастұз полицейлері мас күйінде көлік жүргізгені үшін 53 жүргізушіні жауапқа тартты, олардың әрқайсысы 7 жылға көлік құралдарын жүргізу құқығынан айырылды, – деп атап өтті Екібастұз қаласы ПБ патрульдік полиция ротасының командирі Болат Мырзалинов.
Тәртіп сақшылары мас азаматтардың көлік жүргізгенін байқаған жағдайда, бірден полицияға хабарлауға шақырады.