Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Екібастұзда мас жүргізуші 7 жылға көлік басқару құқығынан айырылды 

Екібастұзда мас жүргізуші жеті жылға көлік басқару құқығынан айырылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Павлодар облысының трассаларында жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында күн сайын рейдтік іс-шаралар өткізіледі.

– Тек бір тәулік ішінде патрульдік полиция ротасының қызметкерлері жол қозғалысы ережелерін бұзудың 83 фактісі анықтады. Ең көп таралған – жылдамдық режимінің асып кетуі. Бұл ережені 14 жүргізуші елемеді, тағы тоғыз жүргізуші жарық құрылғыларының ережелерін бұзды. Өрескел бұзушылықтардың бірі – мас күйінде көлік жүргізу. Бір тәулік ішінде көлікті мас күйінде басқарған екі жүргізуші ұсталды, – деді Павлодар облысы Полиция департаментінің Жергілікті полиция қызметінің бастығы Ғалым Сарғұлов.

Мысалы, сағат 04:30 шамасында Екібастұз қаласының полицейлері Дүйсенбаев көшесіндегі 28 үйдің ауласында патрульдеу кезінде 40 жастағы қала тұрғынының басқаруындағы KIA маркалы автокөлігін тоқтатты, ол медициналық актіге сәйкес көлікті мас күйінде басқарған. «Қызу күйіндегі» сапарына мүмкіндік берген жосықсыз жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік іс қозғалды. Автокөлік арнайы айып тұрағына қамалды. Материал сотта қаралды, онда ер адам жеті жыл мерзімге көлік басқару құқығынан айырылды және 15 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алынды.

Сағат 15:00 шамасында Қарасор кентінде полицейлер 57 жастағы ауыл тұрғынының басқаруындағы КамАЗ автокөлігін тоқтатты, ол мас күйінде автокөлікті басқарған, бұл ретте жүргізуші көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған. Жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБК 608-бабы 6-бөлігі бойынша әкімшілік іс қозғалды. Автокөлік арнайы айып тұрағына қамалды. Материал сотта қаралды, онда ер адам 20 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алынды.

Айта кетейік, ағымдағы жылдың басынан бері Павлодар облысының полицейлері 683 мас жүргізушіні анықтап, жазалады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру