Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Екібастұзда оқу-курстық комбинатының директоры жалған куәліктер дайындаған

Екібастұзда оқу-курстық комбинатының директоры жалған куәліктер дайындаған, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Екібастұз қаласының полицейлері 75 жастағы ер адамға қатысты Қазақстан Республикасы ҚК-нің 385-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Тергеу барысында анықталғандай, оқу-курстық комбинаттардың бірінің директоры бола отырып, ер адам курстарды бітіргені туралы 5 біліктілік куәлік дайындаған. Одан әрі ақшалай сыйақы үшін акционерлік қоғамдардың бірінің қызметкерлеріне жалған құжаттар сатылды.

Айта кету керек, жылдың басынан бері Павлодар облысының аумағында полиция қызметкерлері жалған құжаттарды қолдан жасау, дайындау немесе өткізудің 76 фактісін анықтап, тіркеген.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру