Екібастұзда патрульдік полиция құқық бұзушылықтарды алдын алу шарасын жүргізді
Екібастұз қаласында патрульдік полиция қызметкерлері қоғамдық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған профилактикалық іс-шаралар өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Полицейлер жүргізушілер арасында жол қозғалысы ережелері мен қоғамдық тәртіп нормаларының сақталуын тексерді. Бір тәулік ішінде жол қозғалысы ережелерін бұзудың 37 дерегі анықталды. Оның ішінде бір жүргізуші көлікті мас күйінде басқарған. Әртүрлі құқық бұзушылықтарға жол бергені үшін 7 автокөлік арнайы айып тұрағына қойылды. Сонымен қатар қоғамдық орындарда мас күйінде жүрген 17 азамат айықтыру үшін уақытша бейімдеу және детоксикация орталығына жеткізілді.
Екібастұз қалалық полиция басқармасы патрульдік полиция ротасының командирі Арман Құрманғалидың айтуынша, мұндай профилактикалық шаралар құқық бұзушылықтардың алдын алу және тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында тұрақты түрде өткізіледі.
"Заң және тәртіп" қағидаты — азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігін сақтауға бағытталған ішкі істер органдары қызметінің негізгі ұстанымы. Құқық бұзушылар өз әрекеттері үшін міндетті түрде жауапкершілікке тартылады.
