Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Екібастұзда полицейлер автожолдарды тексеру жұмыстарын күшейтті

Екібастұзда полицейлер автожолдарды тексеруді күшейтті, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Екібастұз қаласында жол-көлік оқиғаларының алдын алу, жарақаттану деңгейін төмендету және жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыру мақсатында "Қауіпсіз жол" жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында ауқымды жұмыс қолға алынды. Осы бағытта қалалық полиция басқармасы әкімшілік полиция бөлімінің жол-техникалық инспекция қызметкерлері автожолдардың жағдайын қатаң бақылауға алды.

Тәртіп сақшылары жол жамылғысындағы ақауларды, жол белгілерінің орнатылуындағы кемшіліктерді, бағдаршам нысандары мен жаяу жүргіншілер өткелдерінің жоқтығын немесе бүлінгенін анықтауға айрықша назар аударуда. Сонымен қатар көлік қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігіне қауіп төндіруі мүмкін өзге де олқылықтар назардан тыс қалмайды.

Тексеру барысында анықталған кемшіліктер бойынша дереу шаралар қабылдануда. Жауапты мекемелерге тиісті нұсқамалар жолданып, жөндеу жұмыстарының сапалы әрі уақытылы орындалуы бақылауға алынды. Сонымен қатар мердігер ұйымдар мен коммуналдық қызметтердің өкілдерімен түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Бұл бағыттағы іс-шаралар алдағы уақытта да жалғасын таппақ.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру