Екібастұзда полицейлер колледждер мен жоғары оқу орындарының басшыларымен кездесті
Екібастұзда полицейлер колледждер мен жоғары оқу орындарының басшыларымен кездесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Екібастұз қаласы ПБ бастығының міндетін атқарушы Төлеген Құдайбергеновпен кездесуге оқу орындарының, колледждердің, жоғары оқу орындарының, білім бөлімінің басшылары, ювеналдық полиция бөлімшесінің қызметкерлері шақырылды.
– Іс-шараның мақсаты – жасөспірімдер ортасындағы мәселелер және оларды шешу жолдары болды. Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу ерекше өзектілікке ие және мүдделі ведомстволар мен жұртшылықтың тығыз өзара іс-қимылын талап етеді. Соңғы уақытта жасөспірімдер арасындағы қылмыс көбейе бастады, – деді Екібастұз қаласы ПБ бастығының міндетін атқарушы Төлеген Құдайбергенов.
Полицейлер талқылау үшін кәмелетке толмағандарға қатысты да, олар жасаған да құқық бұзушылықтар мен қылмыстарға жүргізілген талдау туралы баяндаманы оқыды.
– Бүгінгі таңда кәмелетке толмағандар арасында жиі кездесетін келеңсіз көріністер: есірткі және психотроптық заттарды тарату, жасөспірімдердің түнгі уақытта, қоғамдық орындарда жалғыз жүруі, төбелесу, қорқыту, алаяқтық әрекеттерге қатысуы. Полиция подполковнигі бұл бағыттағы жұмыстардың күшейтілгенін атап өтті. Құрамында никотин бар өнімдер мен психоактивті заттарды тұтынудың зиянды салдары туралы оқушыларға қосымша құқықтық сабақтар өткізу, кәмелетке толмағандар мен олардың ата-аналары арасында кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша сауалнамалар жүргізу, есепте тұрған оқушылардың және кәмелетке толмағандарды тәрбиелеуден жалтарған ата-аналардың мінез-құлқы туралы алдын алу кеңестері ұсынылады.
Кәмелетке толмағандар арасындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелерін бірлескен күш-жігермен ғана шешуге болады, – деп атап өтті Төлеген Құдайбергенов.