Екібастұзда полицейлер көпбалалы отбасыларға көмек көрсетті
Екібастұзда полицейлер көпбалалы отбасыларға көмек көрсетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Екібастұз қаласының полицейлері "Мектепке жол" республикалық қайырымдылық акциясын қолдады. Бес көпбалалы отбасы жаңа оқу жылында көмек алды. Тәртіп сақшылары оқушыларға қажетті негізгі кеңсе тауарларымен толтырылған мектеп, спорттық киім, аяқ киім, мектеп рюкзактарын табыстады.
- Балалардың мүддесін қорғау – біздің басты міндеттеріміздің бірі. Біз олардың қалай өмір сүріп жатқанын, кімнің тәрбиесінде екенін, уақытын қалай өткізетінін және мектепте немен айналысатынын жақсы білеміз. Жаңа оқу жылында табыс, тың білім мен қызықты жаңалықтар тілейміз. Оқу жылы қуаныш сыйласын. Биылғы жыл жақсы бағалармен қатар, құнды тәжірибе, шығармашылық пен бақытты сәттерге толы болсын, – деді полиция қызметкерлері.
Ата-аналар полицейлерге балаларды мектепке дайындауға көмектескені үшін алғыс білдірді.