Екібастұзда полицейлер тұрғындарды электросамокатпен жүру ережелерін сақтауға шақырды
Екібастұз қаласының полиция қызметі тұрғындардың назарын электрсамокатпен жүру мәселесіне аударуда, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Соңғы уақыттың өзінде ғана шаһарда 20-дан астам жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 16 адам әртүрлі дене жарақаттарын алды. Зардап шеккендердің 10-ы – кәмелетке толмағандар. Яғни әр екінші жәбірленуші – бала немесе жасөспірім.
Мұндай келеңсіздіктердің басты себептері:
-
тротуарларда жоғары жылдамдықпен жүру,
-
қорғаныш құралдарын пайдаланбау,
-
жол жүру ережелерін елемеу,
-
кей жағдайда мас күйінде самокат айдау.
Электрсамокат – ойыншық емес, ерекше жауапкершілікті талап ететін көлік құралы.
Баршаңызды тәртіпке шақырамыз: абай болыңыздар, балаларға үлгі көрсетіңіздер. Есіңізде болсын, жол қозғалысы ережесін сақтау – өз өміріңізді де, айналаңыздағы жандардың өмірін де қорғау деген сөз.