Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Екібастұзда полицейлер Ұлы Отан соғысының ардагерін 90 жас мерейтойымен құттықтады

Екібастұзда полицейлер Ұлы Отан соғысының ардагерін 90 жас мерейтойымен құттықтады, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Екібастұз қаласы ПБ басшылығы мен Ардагерлер кеңесі ІІМ ардагері, Ұлы Отан соғысының еңбек ардагері Қаншайым Кожегульдинованы 90 жас мерейтойымен құттықтады.

Қаншайым Есімханқызы 1935 жылы бұрынғы Павлодар облысы Бесқарағай ауданы Большая Владимировка ауылында колхозшы отбасында дүниеге келген.

— Отбасымызда үш бала. 1941 жылы әкем майданға шақырылды. Сол кезде әкем мені ақырғы рет қолында ұстап көтерді. 1942 жылы тамызда ол қайтыс болды. Біз анаммен жалғыз қалдық. Анам күні-түні далада жұмыс істеді, мен ағаларыма қарадым. Біз соғыс балаларымыз, бір уақытта оқып, жұмыс істедік, көкөніс бақтарына картоп отырғыздық, қамқорлық жасадық. 6-сыныпты бітіргеннен кейін мені бір жылдық шаруашылық мектебіне мал шаруашылығы технигіне жіберді, сол кезде бізге 200 рубль және 16 келі астық берілді. 1951 жылы кіші ветеринариялық фельдшерге екінші оқуды аяқтадым, оны бітіргеннен кейін мені Бесқарағай аудандық ауыл шаруашылығы бөліміне жұмысқа жіберді, онда 1953 жылға дейін жұмыс істедім, — деп айтады Қаншайым Есімханқызы.

Сол жылы аудандық прокуратурада жұмыс істеп, содан кейін сотта хатшы-машинист болып, 1963 жылы Бесқарағай аудандық бюросының АХАЖ меңгерушісі етіп тағайындалды. Көшу жағдайына байланысты 1969 жылы Екібастұз ІІБ-не жұмысқа орналасып, хатшы-машинист жұмысын жүргізді.

1976 жылы ІІМ Алматы милиция мектебін сырттай бітірді. Профилактика жөніндегі инспектор, қылмыстық іздестіру бастығының орынбасары, паспорт бөлімінің бастығы болып жұмыс істеді.

ІІМ-де қызмет еткені үшін барлық үш дәрежелі медальдар, ІІМ милиция үздігі, 1941-1945 жылдардағы ҰОС-ның 65 жылдығына арналған медальмен марапатталды.

Үлкен ұлым Богатырь разрезінде жұмыс істейді, қызым теміржолда, ал кіші ұлым менің жолымды қуып, қазір ол отставкадағы полиция подполковнигі. Менің үш немерем бар, оның ішінде Екібастұз қаласы ПБ тергеу бөлімінің аға тергеушісі Юлия Карцанова менің ізіммен қызметін жалғастыруда.

- Құрметті Қаншайым Есімханқызы, ерлігіңіз бен жанқиярлығыңыз үшін ризашылығымды білдіріп, алғысымды қабыл алыңыз. Сіздерге шын жүректен зор денсаулық, ұзақ ғұмыр және бақ-береке тілейміз, - деп құттықтады Екібастұз қаласының ПБ бастығы Төлеген Құдайбергенов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру