Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Екібастұзда полицияның заңды талабына бағынбаған азаматтар жауапқа тартылды

Екібастұзда полицияның заңды талабына бағынбаған азаматтар жауапқа тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түнде Екібастұз қаласының полициясына шақыру келіп түсті. М.Жүсіп көшесіндегі үйдің тұрғындары көрші пәтердегі шу туралы шағымданды. 

– Шақыруға келген полиция қызметкерлері пәтерде алты ер адам бар екенін және олар шу шығарғанын анықтады. Олардың барлығы Оңтүстік қалалардан жұмыс істеуге келген екен, ал пәтер жалға алынғаны анықталды. Полицияның «көңілді» жиындарды тоқтатып, полицияға барудың заңды талаптарына ер адамдар бағынбай, өз мәліметтерін айтудан бас тартты. Кейін барлығы полицияға жеткізілді, – дейді Павлодар облысы ПД баспасөз қызметі. 

Полиция қызметкерлерінің заңды талаптарына бағынбағаны үшін тәртіп бұзушылар жазаланды. Материал сотта қаралды. Сот қаулысымен бес бұзушы 3 және 5 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алынды, тағы бір досына 30 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды.

Құқықтық тәртіп сақшылары әкімшілік кодекске сәйкес құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік орган қызметкерінің қызметтік міндеттерін атқаруына байланысты олардың заңды өкіміне немесе талабына бағынбау, сол сияқты олардың заңды қызметіне кедергі жасау – 30 АЕК мөлшерінде айыппұл не 15 тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алу көзделгенін еске салады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру