Екібастұзда қоғамдық орында мас күйде болған азаматтар жауапқа тартылды
Екібастұзда 5 мыңнан астам мас адам детоксикация орталығына орналастырылды, — деп хабарлайды Polisia.kz.
Бүгінгі таңда полиция алдында тұрған басты міндеттердің бірі — қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алу. Жүргізілген талдау аймақтағы көптеген қылмыстардың мас күйінде немесе алкогольдік ішімдіктерді бірге ішкен кезде жасалғанын көрсетті.
Мас күйінде жасалған қылмыс фактілерінің жолын кесу мақсатында облыс полицейлері көлемді жұмыс жүргізуде. Осы жылдың басынан бастап облыс бойынша полиция қызметкерлері 6643 құқық бұзушылықтың жолын кесті, онда азаматтар қоғамдық орындарда ішімдік ішкен немесе мас күйінде болған, оның ішінде Екібастұз өңірінде 1571 азамат.
Кеншілер қаласындағы рейдтердің нәтижесінде уақытша бейімдеу және детоксикация орталығына 5 мың азамат мас күйінде орналастырылды. Екібастұз полициясының учаскелік инспекторлары 35 адамды сот шешімі бойынша маскүнемдіктен мәжбүрлеп емдеуге жіберді.