Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Екібастұзда қоғамдық орындарда мас күйде болған 2 мыңнан астам азамат жазаланды

Екібастұзда қоғамдық орындарда мас күйде болған 2 мыңнан астам азамат жазаланды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Күн сайын кезекші бөлімнің пультіне Екібастұз қаласының тұрғындарынан ішімдік ішу немесе алкогольдік масаң күйдегі адамдардың жүруі туралы түрлі хабарламалар мен қоңыраулар келіп түседі. Полиция қызметкерлері тиісті шараларды жедел қабылдайды.

13 қыркүйек күні сағат 13:15-те полицияға Сәтбаев көшесіндегі үйдің кіреберісінде ер адам жатқандығы туралы хабарлама келіп түсті.

Тәртіп сақшылары 48 жастағы ер адамды уақытша бейімдеу және детоксикация орталығына жеткізіп, орналастырды.

Учаскелік инспектор ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабы (Алкогольдік ішімдіктерді iшу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келу) бойынша әкімшілік хаттама толтырылды, онда 5 АЕК мөлшерінде айыппұл көзделген.

– Бұдан басқа, осы бап бойынша, егер құқық бұзушылық бір жыл ішінде, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін қайталап жасалса, заңнамада 10 АЕК мөлшерінде айыппұл не 5 тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алу көзделген, – деді Павлодар облысы Екібастұз қаласы ПБ жергілікті полиция қызметінің бастығы Рустам Умаров.

Айта кету керек, 2023 жылдың есепті кезеңінде ғана мас күйінде ішімдік ішкені және қоғамдық орындарда жүргені үшін қаланың 2007 азаматы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Уақытша бейімдеу және детоксикация орталығына 5890 адам жеткізілді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру