Екібастұзда "Құқықтық дәріхана" акциясы өтіп жатыр
Екібастұзда "Құқықтық дәріхана" акциясы өтіп жатыр, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Іс-шара қалалық прокуратураның полиция және жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп ұйымдастыруымен өткізілуде.
"Maxi Mall" сауда орталығында өңір тұрғындарына түрлі құқықтық және әлеуметтік маңызы бар мәселелер бойынша тегін кеңес алу мүмкіндігі ұсынылды. Акцияға қатысу үшін алдын ала жазылу талап етілмеді, бұл азаматтар үшін қосымша қолайлылық тудырды. Мамандар құқықтарды қорғау, құжаттарды рәсімдеу, сондай-ақ азаматтық және тұрмыстық мәселелер бойынша кеңестер берді.
– Құқықтық дәріхана акциясының негізгі мақсаты – халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру, азаматтарды заң аясында өз құқықтарын қорғауға үйрету және қоғамдағы құқықтық мәдениетті дамыту, – деп атап өтті Екібастұз қаласының полиция басқармасының қызметкерлері.
