Екібастұзда қылмыс психологиясы және кәсіби тұрақтылық жайында дәріс өтті
Екібастұзда қылмыс психологиясы және кәсіби тұрақтылық жайында дәріс өтті, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Екібастұз қалалық полиция басқармасында жеке құрам үшін Павлодар облысы полиция департаменті бастығының орынбасары Жандос Орымбаев пен Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының құрметті профессоры, психология ғылымдарының докторы, профессор Лола Шакимовамен кездесу ұйымдастырылды.
Кездесу барысында Лола Шакимова қылмыстардың психологиясы, қылмыстық профайлинг және кері әсер ететін адамдармен (токсикалық тұлғалармен) дұрыс байланыс орнату тәсілдері туралы кеңінен әңгімеледі. Ол байланыс орнату кезінде эмоционалды қашықтықты сақтау, сындарлы диалог құра білу, жағымсыз ақпаратты бойға сіңірмеу және өзге адамдардың теріс эмоциялары мен проблемаларынан қорғайтын ішкі сүзгіні қалыптастырудың маңызына тоқталды.
Сондай-ақ профессордың айтуынша, әлемдік статистикада құқық қорғау органдары қызметкерлерінің орташа өмір сүру ұзақтығы 6-орында тұр. Бұл, ең алдымен, қызмет бабындағы тұрақты психологиялық және физикалық жүктемелердің әсерінен тұлғада деформация белгілерінің қалыптасуымен байланысты.