Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Екібастұзда тұрғынға қарақшылық шабуыл жасаған ер адам 6 жылға сотталды

Екібастұзда тұрғынға қарақшылық шабуыл жасаған ер адам алты жылға сотталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Екібастұз қаласы Полиция басқармасының полицейлері Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 192-бабы 2-бөлімі 4-тармағы бойынша қылмыстық істі тергеді. Соның нәтижесінде Екібастұз қаласының 27 жастағы тұрғыны сотпен 6 жылға бас бостандығынан айырылды.

– Оқиға 2021 жылғы 28 ақпанда сағат 18.00 шамасында Екібастұз қаласында Кеншілер көшесінде болған. 27 жастағы сотталған шина жөндеу шеберханасында мас күйінде қала тұрғынына тиесілі Redmi Note 9 маркалы ұялы телефонын күртешесінің қалтасына салып қойды. 42 жастағы  жәбірленуші шамданып, телефонын қайтаруды талап еткен кезде сотталушы ұялы телефонын қайтарғысы келместен, үстел үстінде жатқан ас үй пышағын алып, телефон иесінің оң қолының  білек жағын кесіп жіберген, – деді Павлодар облысы Екібастұз қаласы Полиция басқармасы бастығының орынбасары Валентин Бримжанов.

Полиция тергеу мен сараптамалар анықтағандай, жәбірленуші өз өмірі үшін қорқып, қарақшының талаптарына бағынғанын хабарлады. Осыдан кейін сотталған 90 мың теңгеге жуық құны бар Redmi Notе 9 маркалы ұялы телефонын иемденіп, оқиға орнынан ізін суытқан.

Жәбірленуші бірден полицияға жүгінді. Сол күні жедел уәкілдер күдіктіні ұстады. Ол 27 жастағы жұмыс істемейтін қала тұрғыны болып шықты.

Айта кету керек, ағымдағы жылдың басынан бері Павлодар облысының аумағында 14 қарақшылық шабуыл тіркелген, олардың барлығы ашылған.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру