Екібастұзда тыйым салынған уақытта алкоголь өнімдерін сатқан дүкен иесі жауапқа тартылды
Екібастұзда тыйым салынған уақытта алкоголь өнімдерін сатқан дүкен иесі жауапқа тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Жыл басынан бері Екібастұз полицейлері алкогольді тыйым салынған уақытта сатудың 31 фактісін тоқтатты.
– Учаскелік полиция инспекторлары тыйым салынған уақытта алкогольдік ішімдіктерді сатудың жолын кесу бойынша рейдтер жүргізеді. Мәселен, Абай көшесіндегі дүкендердің бірінде алкогольді сату фактілері анықталды: сағат 23:00-ден кейін, сағат 05:50-де және сағат 02:40-та. Әрбір факті бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылып, сотта қаралды.
Сот қаулысымен дүкеннің жеке кәсіпкеріне лицензиясын 3 айға тоқтатып, жалпы 120 АЕК айыппұл салынды, – деді Павлодар облысы Екібастұз қаласы ҚП бастығының міндетін атқарушы Төлеген Құдайбергенов.
Мас күйінде қылмыс жасау ықтималдығын азайту – полицияның алкоголь өнімі айналымы саласындағы заңнаманы сақтау жөніндегі жұмысының мақсаты. Өйткені, көбінесе жанжалды жағдайлар мен басқа да заң бұзушылықтар алкогольдік ішімдіктерді ішкеннен кейін пайда болады. Сауда қызметкерлері пайда табу үшін заңнаманы елемейді және оны бұзады.