Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Екібастұзда уақытша ұстау изоляторы мен арнайы қабылдау орнына тексеріс жүргізілді

Екібастұзда уақытша ұстау изоляторы мен арнайы қабылдау орнына тексеріс жүргізілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Павлодар облысы бойынша адам құқықтары жөніндегі уәкілдің өкілі Игорь Тарасенко жұмыс сапарымен Екібастұз қаласына келді. Әкімшілік полиция басқармасының бастығы Руслан Сүлейменовпен бірлесіп, арнайы қабылдау орнында әкімшілік қамауға алынған азаматтардың, сондай-ақ уақытша ұстау изоляторында отырған тұлғалардың ұстау жағдайларына тексеру жүргізілді.

Тексеру барысында қамауға алынғандарды орналастыру жағдайына, камералардың санитариялық жай-күйіне, тамақпен және медициналық көмекпен қамтамасыз етілуіне, белгіленген күн тәртібінің сақталуына, сондай-ақ өтініш жасау, кездесу және заң көмегін алу құқықтарының қамтамасыз етілуіне ерекше назар аударылды.

Игорь Тарасенко мекеме құжаттамасымен танысып, әртүрлі құқық бұзушылықтар үшін сот шешімімен әкімшілік қамауға алынған азаматтармен әңгімелесті. Тексеру қорытындысы бойынша заң бұзушылықтар анықталған жоқ, ұстау жағдайлары Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы талаптарына сәйкес келеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру