Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Екібастұзда жарты млн теңгенің зергерлік бұйымдарын ұрлаған ер адам анықталды

Екібастұзда жарты млн теңгенің зергерлік бұйымдарын ұрлаған ер адам анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Екібастұз қаласының тұрғыны полицияға ұрлық туралы арыз берген. Пәтер иесі полицейлерге үйіне оралғаннан кейін 500 мың теңгеден астам ақшаның зергерлік бұйымдары жоғалғанын айтқан.

– Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері пәтердің есігінің алдынан ешқандай айғақ та, белгі де таппады. Жедел-тергеу тобы қаскүнемнің пәтерге екінші қабаттағы терезеден кіргенін анықтады. Күдікті 33 жастағы ер адам болып шықты. Ұрланған зергерлік бұйымдар мен бұрағыш тәркіленді, – деді Павлодар облысы Екібастұз қаласы Полиция басқармасының бастығы Қайыржан Шақарғалиев.

Полиция қызметкерлері күдіктінің осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығын тексеріп жатқанын атап өтті.

Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігі (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Қазір таңда күдікті үйқамақта отыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру