Екібастұзда жеке кәсіпкер алкоголь өнімдерін сату лицензиясынан айырылды
Екібастұзда кәсіпкерге алкоголь өнімін сақтау және сатуға жүзеге асыруға лицензияның қолданылуы бір ай мерзімге тоқтатылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Екібастұз қаласының кафелерінің бірінде полиция қызметкерлері жеке кәсіпкердің кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыра отырып, алкоголь өнімін сату фактісіне жол бергенін анықтады. 20 жастағы қала тұрғыны алкоголь мөлшері 40% болатын 0,5 литрлік бір бөтелке арақ сатып алған.
– Шешім қабылдау үшін материал сотқа жіберілді. Онда кәсіпкерге 122 520 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынып, алкоголь өнімін сақтау және сатуға жүзеге асыруға лицензияның қолданылуы бір ай мерзімге тоқтатылды, – деді Екібастұз қаласы ПБ бастығы Қайыржан Шақарғалиев.
Айта кетейік, 2022 жылы Екібастұз қаласы бойынша кафелер мен дүкендердің 30 иесі әкімшілік жауапкершілікке тартылды. ҚР ӘҚБтК-нің 200-бабы бойынша алкоголь өнімдерін өткізу ережелерін бұзғаны үшін лицензия әртүрлі мерзімге тоқтатылды.