Екібастұзда жол қауіпсіздігін арттыруға бағытталған шаралар күшейтілді
Екібастұзда жол қауіпсіздігі туралы қалалық полиция басқармасының әкімшілік полиция бөлімінің бастығы Руслан Сүлейменов айтып берді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Руслан Сүлейменов Әрбір жол-көлік оқиғасы полиция қызметкерлерімен мұқият талданатынын айтты.
– Жол-көлік оқиғаларының негізгі себептері – жүргізушілердің жылдамдық режимін бұзуы, маневр жасау ережелерін сақтамауы, жол қиылыстарынан өту, сондай-ақ жаяу жүргіншілер тарапынан жіберілетін құқық бұзушылықтар. ЖКО-ны төмендету мақсатында полиция жылдамдық режимін сақтауға бақылауды күшейтті. Апат қаупі жоғары учаскелерде рейдтік іс-шаралар өткізілуде, жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер арасында профилактикалық түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылуда. Жол-көлік оқиғаларының себептері мен жағдайларына тұрақты түрде талдау жүргізіледі, – деді Руслан Сүлейменов.

Сонымен қатар жол-көлік оқиғаларының алдын алу және профилактикасы бойынша жұмыстар жалғасып жатыр. Жол қозғалысына қатысушылардың тәртібін арттыру және өлім-жітімге әкелетін апаттар санын азайту бағытында шаралар күшейтілген.
