Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

"Ел баласы" акциясы: Екібастұзда оқушылар полиция қызметінің қыр-сырымен танысты

Екібастұз қаласында "Ел баласы" акциясы өткізілді, оның аясында құқық қорғау, мемлекеттік, атқарушы органдар мен кәсіпорындарының басшылары оқушылармен кездесті, –   деп хабарлайды Polisia.kz.

№36 лицей оқушыларымен қалалық полиция ведомствосының бастығы Төлеген Құдайбергенов кездесті.

- Мамандық таңдағанда, табысты мансаптың барлық құрамдас бөлігін – қабілеттерді, перспективаларды және ең бастысы, өз өміріңізді өзіңіз таңдаған саламен байланыстыруға деген ұмтылысты ескеру қажет, - деді қалалық полиция басқармасының бастығы.

Ол оқушыларға өзі туралы, ішкі істер органдарындағы қызметі, ҚР ІІМ оқу орындарына түсуі туралы айтып берді.

Жобаға қатысушылардың бірі, 10-сынып оқушысы Бекарыс Жанатұлы өмірдегі ең маңызды нәрсе - өз кәсібін табу екенін баса айтты. Сондай-ақ спикерге сұрақ қойды - Мамандық таңдағанда сіздің мінезіңіз бен өмірлік ұстанымыңыз маңызды рөл атқарды ма?

- Әрине, батылдық, байсалдылық, өзіне деген сенімділік – бұл қасиеттер полицейге тән. Өйткені кез келген жағдай адамдардың өміріне байланысты, – деп жауап берді тәртіп сақшысы.

Кездесу барысында 10-сынып оқушысы Інжу Берікқызы шараға қатысу барысында алған әсерімен бөлісіп, спикерге ерекше сұрақ қойды. Егер сізде таңдау болса, өткенге немесе болашаққа саяхат жасар ме едіңіз?

– Әрине, болашаққа! Өткен мені тәрбиеледі, өйткені ол – менің жадым, балалық шағым, жастық шағым, мамандықта қалыптасу кезеңім. Ал болашақ – білімге деген ұмтылыс. Жылдар мен жетістіктерге қарамастан, біз білім алуды жалғастырамыз, одан да үлкен нәтижелерге жетеміз, – деп жауап берді Төлеген Құдайбергенов.

Бірлескен талқылау барысында барлық сұраққа ашық жауап алынды. Кездесуден кейін Төлеген Айдарханұлы жеке мәселелер бойынша бес адамды қабылдады.

– Жастармен қарым-қатынас әрдайым жағымды эмоция сыйлайды. Бүгінгі күні оқушылардың креативті ойлау қабілеті, өмірге, білімге, жаңа идеяларға шығармашылық көзқарасы ерекше, – деді ол.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру