Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ел қорғаны - Өмірзақовтар әулеті

Шырайлы Шымкент қаласында елге адал қызмет етуді өмірлік мұрат еткен бір әулет бар. Бұл - Өмірзақовтар әулеті. Қасиетті әулеттен тараған 30 бірдей азамат құқық қорғау саласында абыроймен қызмет етіп, ел тыныштығы мен қоғамдық тәртіпті күзеткен, күзетіп келеді, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Әулеттің негізін қалаған - милиция полковнигі, Ішкі істер министрлігінің құрметті ардагері, ардақты азамат Батырхан Өмірзақов. Ол 1958 жылдан 1991 жылға дейін ішкі істер органдарында жемісті еңбек етіп, шен мен мансаптан бұрын ел алдындағы борышты биік қойған тұлға. Батырхан атамыз тек қызмет жолымен ғана емес, рухани мұрамен де өнеге қалдырды. Ол "Өлеңім, сырым менің, шыным менің", "Тарихқа тағзым", "Өткен күндерден қалған іздер", "Қанағат болған өлшемім" сынды бірнеше кітаптың авторы.

Бүгінде сол кісінің жолын қуған ұрпақтары - ұлт қауіпсіздігі мен тыныштығы жолында тер төгіп жүрген ерлер. Олардың әрқайсысы жауапкершілігі жоғары қызметті абыроймен атқарып, адалдық пен ерлік жолын жалғастырып келеді.

Өмірзақовтар әулеті - отансүйгіштік пен қызметке деген адалдықтың жарқын үлгісі. Ұрпақтан ұрпаққа аманат болған қасиетті борыштың символы.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру