Елбасы Bek Air авиакомпаниясы ұшағының апатқа ұшырауына байланысты көңіл айтты
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Bek Air авиакомпаниясы ұшағының апатқа ұшырауына байланысты көңіл айтты, деп хабарлайды Polisia.kz Елбасының ресми сайтына сілтеме жасап.
«Алматы әуежайынан ұшып шыққан «Bek Air» әуе компаниясы ұшағының апатқа ұшырауы салдарынан қаза тапқандар мен зардап шеккендер жайлы хабарды зор күйзеліспен қабылдадым. Қайғыға ортақтаса отырып, қаза болғандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтамын. Барлық зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуін тілеймін», – деп жазылған жеделхатта.