Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

«Елдегі есірткі ахуалына әсер ететін факторлардың бірі – каннабис шикізатының болуы»: ІІМ басшысы

ІІМ басшысы Мәжілістегі Үкімет сағатында елдегі есірткі ахуалына әсер ететін факторлардың бірі – каннабис шикізатының болуы екенін айтты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ержан Саденов Мәжіліс депутаттарының алдында сөйлеген сөзінде елдегі есірткі жағдайына әсер ететін тағы бір фактор – бұл каннабистің өзіндік шикізат базасының (марихуана, гашиш, каннабис шайыры және т.б.) болуы туралы айтты.

– Бұл тек «Шу алқабы» туралы ғана емес, сонымен қатар елдің орталық және оңтүстік аймақтарында қарасора өсіру туралы, – деді ол.

Онымен күресу үшін жыл сайын маусымнан қазанға дейін «Қарасора» операциясы жүргізіледі.

Есірткі дақылдарын іздеу үшін тікұшақ техникасы, жоғары өтімді көлік, сондай-ақ пилотсыз ұшу аппараттары белсенді қолданылады. Өткен жылдан бастап жер бетін ғарыштық зондтау жүзеге асырылды.

Жыл сайын осы іс-шара аясында 15 тоннадан 20 тоннаға дейін есірткі алынады. Осы жылы бұл көрсеткіш соңғы 6 жылдағы ең жоғары көрсеткішке – шамамен 37 тоннаға жетті.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру