Елді мекендерде құқықтық тәртіпті сақтау қамтамасыз етілуде
2020 жылғы 11 сәуірдегі жағдай бойынша Ішкі істер министрлігінде мәлімдеді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Төтенше жағдай кезеңінде ішкі істер органдары қызметті ерекше тәртіппен атқарып келеді. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге 25 мыңнан астам полицей мен Ұлттық ұланның 5 мың әскери қызметшісі жұмыс атқарады. 729 аса маңызды мемлекеттік және 235 стратегиялық объектілерді күзету күшейтілді.
Мемлекеттік комиссия мен әкімдіктердің шешімдеріне сәйкес аймақтарда 298 блок-бекет қойылды, оларға 7 мыңнан астам полиция және Қорғаныс министрлігінің әскери қызметшілері тартылған.
Сонымен қатар, қалалар мен қала сыртындағы жолдарда 299 санитарлық бекет қойылған, онда 2 мың полиция қызметкері дәрігерлермен медициналық-профилактикалық бақылауды жүзеге асырады.
Елді мекендерде құқықтық тәртіпті сақтау қамтамасыз етіліп жатыр.
Полиция мен Ұлттық ұлан жасақтарының саны мен тығыздығы артты. Көшелер, саябақтар, скверлер, тұрғын үй ауласы, сауда нысандары және банктер бақылауда тұр.
Профилактикалық жұмыстарға волонтерлер белсенді түрде тартылады. Рейдтерге арнайы униформамен жабдықталған және жеке қорғаныс құралдарымен қамтамасыз етілген 1 мыңнан астам ерікті қатысады.
Қабылданған шаралар нәтижесінде еліміз бойынша қылмыстылық 25%–ға,астанада – 34%–ға, ал Алматыда – 35%-ға төмендеді. Қарақшылық саны 45%–ға, тонау – 38%–ға, ұрлық – 40%-ға, бұзақылық – 32%-ға қысқарды.Көшелерде жасалған қылмыс саны 24%–ға, басқа да қоғамдық орындарда – 22%-ға азайды.