Елімізде зорлық-зомбылықпен күрес күшейді: арнайы бөлімшелер құрылды
Бұзақылықпен күресті күшейту мақсатында елде арнайы қабылдау орындарының саны артады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Соңғы жылдары отбасылық-тұрмыстық саладағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы түбегейлі қайта қаралды.
- Енді бұл жұмыс анықтау сипатына ие болды. Ұрып-соғу және денсаулыққа жеңіл зиян келтіру қылмыс ретінде қарастырылатын болды. Нәтижесінде тұрмыста жасалатын көптеген құқық бұзушылықтарға жол берілмеді. Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықпен күресетін арнайы бөлімшелер құрылды. Бұзақыларды оқшаулауға арналған арнайы қабылдау орындарының санын көбейту секілді өзге де шаралар қабылдануда, - деді ішкі істер министрі Ержан Саденов.