Еліміздегі колонияларда азаптау фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеу саны 83%-ға қысқарды
Еліміздегі колонияларда азаптау фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеу саны 83%-ға қысқарды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Осы жылы ҚАЖ мекемелерінде азаптау фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінің саны 41-ден 7-ге дейін, сотталғандардың шағымдарының саны 48-ден 19-ға дейін қысқарды. 2019 жылы бұл көрсеткіш сотқа дейінгі 200 тіркелген тергеуді құрады.
Ведомство соңғы жылдардағы оң динамиканы атап өтті:
– Пенитенциарлық мекемелерде заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге бағытталған кешенді шаралардың нәтижесінде біз ҚАЖ қызметкерлері тарапынан құқыққа қайшы әрекеттерді жоюда айтарлықтай нәтижелерге қол жеткіздік. Жағдайды түбегейлі өзгерткен маңызды жаңалықтардың бірі – үздіксіз бейнебақылауды енгізу болды. Бүгінгі таңда 78 пенитенциарлық мекеменің 52-сінде 22 мыңнан астам бейнекамера орнатылған. Мониторинг барысында операторлар арнайы контингент жасаған 8 мыңнан астам бұзушылықты анықтады. Сонымен қатар сотталғандар жасаған қылмыстар саны да 16%-ға қысқарды.