Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Еліміздің күш құрылымдары арасында ең үздік атқыштар анықталды

Алматы полициясының қызметкерлері еліміздегі ең үздік атқыштар деп танылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы полицейлері Қазақстанның күш құрылымдары арасында чемпион атанды.

12-14 қыркүйекте Алматы облысы Қонаев қаласында өткен Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдары, күш құрылымдары мен арнайы құрылымдарының қызметкерлері мен әскери қызметшілері арасында әскери қарудан оқ атудан өткен жарыста Алматы қаласы ПД-ның атқыштары тамаша нәтиже көрсетті.

– Біздің команда топтық есепте 1-орынға ие болды. Ал жеке жарыста команда мүшелерінің жинағы келесі хронология бойынша медальдармен толықты: 1-орынды оқу-жаттығу ротасының қызметкерлері Дархан Зауытов пен Елдос Нәсіпбаев, ал 2-орынды ПД мамандандырылған және жұмылдыру басқармасының арнайы тапсырмалар бойынша аға инспекторы Мақсат Сыдықов иеленді. Әйелдер арасында өткен сайыста Жетісу аудандық ПБ штаб бастығы Айжан Әдібаева мен ПД тергеу басқармасының аға тергеушісі Мәншүк Дисупова бірінші орынды иеленді. Әріптестерімізді жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз, – деді Алматы қалалық ПД мамандандырылған және жұмылдыру дайындығы басқармасының бастығы Ерлан Әбсадық.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру