Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Еліміздің шығысында ескек есуден балалар мен жасөспірімдер арасында жарыс өтті

Еліміздің шығысында полиция қызметкерлерінің ұйымдастыруымен ескек есуден балалар мен жасөспірімдер арасында жарыс өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

ШҚО ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл жөніндегі полиция басқармалары “Аманат” партиясы жанындағы “Жастар рухы” АҚ жастар қанатымен бірлесіп “Есірткіге жоқ деп айт!” жобасы аясында балалар мен жасөспірімдер арасында ескек есу спорт түрінен жарыс өткізіп, оған 30-дан астам спортшы қатысты.

– Есірткінің таралуы өскелең ұрпаққа үлкен зиянын тигізеді. Біз салауатты өмір салтын ұстануға, спортпен шұғылдануға және бойларыңызды жаман әдеттерден аулақ ұстауға шақырамыз, – деп атап өтті ШҚО ПД ЕҚҚІҚБ бастығының орынбасары Ринат Икласов.

Іс-шара соңында қатысушылар грамоталармен, жүлделі орындармен және сыйлықтармен марапатталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру