Еліміздің үш облысында табиғат қорғау заңнамасын бұзудың 297 фактісі анықталды
Еліміздің үш облысында табиғат қорғау заңнамасын бұзудың 297 фактісі анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Акцияның мақсаты – Орал-Каспий бассейнінің аумағында уылдырық шашу кезеңінде балықтар мен басқа да су жануарларының биоалуантүрлілігін сақтау. Атырау, Маңғыстау және Батыс Қазақстан облыстарында табиғатты қорғау заңнамасын бұзудың 297 фактісі анықталды.
64,3 тоннадан астам балық тәркіленді, оның ішінде шамамен 792 келі бекіре тұқымы және 30 келіден астам уылдырық, 126 қылмыс құралы, 6 жүзу құралы.
37 факті бойынша балық ресурстарын, басқа да су жануарларын немесе өсiмдiктерін заңсыз алу үшін (ҚР ҚК-нің 335-бабы) және өсiмдiктердің немесе жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу ҚК-нің 339-бабы бойынша тіркелген.
Мысалға, 5 сәуір сағат 16:40 шамасында Атырау облысы Исатай ауданы Жанбай елді мекенінен 8 шақырым теңіз жағалауынан «БУДАРКА-АТР236» қайығы тоқтатылды. Тексеру кезінде жалпы салмағы 228 келі қара балығы тәркіледі. Күдікте Исатай ауданы, Нарын ауылының тұрғыны анықталып, ұсталды.
Аталған факті ҚР ҚК-нің 335-бабымен (Балық ресурстарын, басқа да су жануарларын немесе өсiмдiктерін заңсыз алу) қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізіліп жатыр.
Сонымен қатар 19 мамыр Батыс Қазақстан облысы «Сырым» кеден бекетінде екі жүк көлігі тоқтатылды. Тексеру кезінде автокөліктерден 40 тонна балық анықталды. Сондай-ақ Орал қаласында жалға берілген қоймадан 20 тонна балық табылды. Барлығы күдіктілерден 60 тонна ұсақ тұқымдас балық тәркіленді.
Аталған факті ҚР ҚК-нің 339-бабымен (Өсiмдiктердің немесе жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу) тіркелді.
Ішкі істер министрлігі азаматтарды табиғатқа ұқыпты қарауға, балық аулаудың белгіленген ережелерін сақтауға және заңды бұзбауға шақырады.