Елордада көліктен жасалған ұрлық бейнебақылау камераларына түсіп қалған
Елордада көліктен жасалған ұрлық бейнебақылау камераларына түсіп қалған, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Алматы ауданы полиция басқармасына қала тұрғынынан күндізгі уақытта Петров көшесінде автокөліктің салонынан Пионер автомагнитоласы ұрланғаны туралы хабарлама келіп түсті. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері тәулік ішінде ұрлыққа қатысы бар 47 жастағы қала тұрғынын анықтады. Күдікті бейнекамералар арқылы анықталды. Кадрларда ер адамның көлікке жақындағанын және алдыңғы есіктің ашық екендігін көріп, салонға кіргенін көруге болады.
Тергеу барысында полиция ер адамның 2022 жылы осыған ұқсас қылмыс жасағаны үшін сотталғанын анықтады, алайда ол қайтадан қылмыс жасаған.
Астаналық азамат ПД уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдіктінің елорда аумағында бұрын жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталып жатыр. Заттай дәлелдемелер тәркіленді.