Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Елорда күніне арналған “Әскери керней” фестивалі өтті

Елорда күніне арналған “Әскери керней” фестивалі өтті, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Астана күніне орай “Қазақ елі” алаңында ҚР ІІМ Ұлттық ұланының ұйымдастыруымен әскери рух пен патриотизмді ұлықтаған дәстүрлі “Әскери керней” атты XI әскери-музыкалық фестивалінің Гала-концерті өтті.

Мерекелік кеш Астана тұрғындары мен қонақтарына ерекше көңіл-күй сыйлап, елдің жетекші әскери-музыкалық ұжымдарының кәсіби өнерін паш етті. Көрермендер алдында өнер көрсеткендер қатарында:

ҚР ІІМ Ұлттық ұланының Үлгілі-көрсетімді оркестрі;

Мемлекеттік күзет қызметінің Президенттік оркестрі;

ҚР Қарулы Күштері Ұлттық әскери-патриоттық орталығының Орталық әскери оркестрі мен Орталық ансамблі;

ҚР Қорғаныс министрлігінің Орталық ансамблі;

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің Орталық ансамблі.


Фестиваль шеңберінде әскери оркестрлердің шеруі, музыкалық қойылымдар мен бірлескен композициялар орындалып, көрермендерге нағыз рухани серпіліс сыйлады. Әскери музыка арқылы ел бірлігі, Отанға деген сүйіспеншілік, жас ұрпаққа үлгі боларлық ерлік пен батырлық сынды асыл құндылықтар кеңінен насихатталды.

“Әскери керней” фестивалі – бұл тек өнер мерекесі ғана емес, сонымен қатар Ұлттық ұлан мен басқа да әскери құрылымдардың мәдени-гуманитарлық миссиясының айқын көрінісі. Іс-шара еліміздің патриоттық тәрбиесін нығайтуға және Қазақстан әскери оркестрлерінің кәсіби шеберлігін көрсетуге бағытталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру