Елорда полицейлері автокөлік ұрысын құрықтады
Елордада ер адам автокөліктердің терезелерін сындырып азаматтарға шығын келтірген, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысында полиция қызметкерлері тұрғын үйдің ауласында тұрған Toyota автокөлігінің терезесін кілттің көмегімен сындырып, ішінен жеке заттар мен бейнетіргкегішті ұрлаған 44 жастағы ер адамды анықтады. Осылайша 100 мың теңгеден астам материалдық шығын келтірген.
Полиция қызметкерлері оның елорда аумағында орын алған осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатысы бар екенін анықтады.
Заттай айғақтар тәркіленіп, иесіне қайтарылды.
Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ер адам Астана қаласы ПД уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Астана қалалық полиция департаменті азаматтарды автокөліктерін мүмкіндігінше бейнебақылау камерларымен жабдықталған аумақатарда тұраққа қоюын ұсынады. Ол қылмыстардың алдын алу мүмкіндігін арттырады және тәртіп бұзушыны жедел анықтауға мүмкіндік береді. Егер сіз күдікті әрекеттерге куә болсаңыз дереу 102 арнасына хабарласыңыз.