Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Елордада полицейлер есірткі жасырған такси жүргізушісін ұстады

Елордада полицейлер есірткі жасырған такси жүргізушісін ұстады, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Жедел-іздестіру шаралары барысында Астана қаласында есірткі заттарын заңсыз сатумен айналысқан 35 жастағы ер адам ұсталды.

Тексеру кезінде такси жүргізушісінің көлігінен шамамен 50 түйіншек мефедрон табылып, тәркіленді. Тергеу мәліметінше, күдікті жолаушыларды тасымалдаумен қатар, интернет-мессенджерлер арқылы есірткіге тапсырыс қабылдап, оны қала аумағында таратумен айналысқан. Ол тапсырыстар арасындағы үзіліс кезінде тауарды жасырын жерлерге қойып кеткен.

Барлық тыйым салынған заттар тәркіленіп, ер адамға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Полиция есірткі заттарын заңсыз сақтау, тарату немесе делдалдық жасау қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын еске салады. "Заң және тәртіп" тұжырымдамасы аясында есірткіге қатысты кез келген құқық бұзушылық заңнамаға сәйкес қатаң түрде тоқтатылады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру