Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Елорда полицейлері көлік жүргізу кезінде телефонды пайдалануға болмайтынын еске салды

Елорда полицейлері көлік жүргізу кезінде телефонды пайдалануға болмайтынын еске салды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Өткен аптада елордада мыңнан астам шағын жол-көлік оқиғасы орын алды. ЖКО себебі – жүргізушілердің көлік құралын басқару кезінде телефонды қолдануы.

Жыл басынан бері Астана қаласы бойынша 2,5 мыңнан астам жүргізуші жауапкершілікке тартылды. Бүгінгі күні бұзушылықтардың аталған түрін автоматты режимде тіркеу мүмкіндігі жоқ, бұл ретте полицейлер бейнебақылау камераларын қарау кезінде бұзушылықтарды анықтап, оларды жауапқа тарту үшін жолда патрульдейтін қызметкерлерге береді.

Елордалық полицейлер еске салады, тежеу жолы – жүргізуші тежегішті басқаннан кейін көліктің жүріп өтетін қашықтығы. Сонымен қатар көлік құралын басқарғанда тоқтату туралы шешім қабылдау уақытын қысқарту маңызды және жүргізуші телефон пайдаланған кезде уақыт керсінше артады. Көрсетілген уақыттың жалпы ұзақтығы жол қозғалысына қатысушылардың тағдырына әсер етеді. Жүргізушілер елорда жолдарында өте қарқынды қозғалыс, тығыз ағын және телефонға алданып отырған жүргізуші уақытылы дұрыс шешім қабылдауға үлгермейтінін түсінуі керек. Көбінесе бұл алда келе жатқан көлікпен соқтығысуға әкеледі немесе бірден тоқтаған кезде артта келе жатқан көлікпен соқтығысуы мүмкін.

Қосымша айта кетер жайт, коммуналдық қызметтер елорда жолдарын уақытылы тазалайды, бірақ температураның төмендеуіне байланысты дөңгелектер қатып, ілінісу қасиеттері төмендейді. Тікенді резеңке тайғақ мұзда жақсы көмектеседі, бірақ құрғақ асфальтта қалай болатынын болжау мүмкін емес.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру