Елорда полицейлері көліктен жасалған ұрлықты ашты
Елорда полицейлері көліктен жасалған ұрлықты ашты, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Полицияға 37 жастағы қала тұрғыны жүгініп, жаңадан танысқан ер адам көлік салонынан ақша ұрлап әкеткені туралы хабарлаған. Шығын сомасы жарты миллион теңгені құрады.
Оқиға орнына жедел қызметкерлер келді. Жәбірленуші жаңа танысымен бірге ішімдік ішкеннен кейін мас күйінде көлігін ашық қалдырып кеткені анықталды. Қаскүнем қолайлы сәтті пайдаланып, жәбірленушінің көлігіне кіріп, ішінен ақшаны жасырын ұрлап әкеткен.
Жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу кезінде Байқоңыр ауданының криминалдық полиция қызметкерлері 31 жастағы ер адамды ұстады.
Ұсталған адам мойындау көрсетпелерін берді. Оған қатысты ұрлық фактісі бойынша қылмыстық іс тіркелді.
Тәртіп сақшылары елорда тұрғындарына сақ болуды ескертеді. Ұрлықты болдырмау үшін құқық қорғау органдары азаматтарға өз мүлкін мүмкіндігінше мұқият бақылауды ұсынады.