Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Елорда полицейлері велосипед ұрысын құрықтады

Елорда полицейлері велосипед ұрысын құрықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы ауданы ПБ криминалдық полиция қызметкерлері велосипед ұрлады деген күдікпен 35 жастағы қала тұрғынын анықтады.

Тергеу барысында ер адамның тұрғын үй кешендерінің біріне келгені белгілі болды. Ол есік алдында бірнеше велосипедтердің тұрғанын көріп, қауіпсіздік құлпымен бекітілменген велосипедті байқайды. Жан-жағында ешкім жоқ екеніне көз жеткізген соң, қаскүнем құны 250 мың теңге тұратын Forward велосипедін алып кеткен. Ұрланған екі дөңгелекті көлікті кездейсоқ адамға сатып жіберген.

Аталған факті бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, сондай-ақ ер адамның осыған ұқсас тағы екі қылмысқа қатысы бары анықталды.

Астана қаласының полиция департаменті велосипедтерді қараусыз қалдырмауға, ұрлыққа қарсы қауіпсіздік құлыптарын пайдалануға кеңес береді. Велосипедті бейнебақылау камераларының көру аймағында жақсы көрінетін жерлерге қойыңыз.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру