Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Елорда полицейлері жаңа танысының әмиянын ұрлаған күдіктіні құрықтады

Елорда полицейлері жаңа танысының әмиянын ұрлаған күдіктіні қолға түсірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Елорда полициясына 53 жастағы астана тұрғыны, әмиянының ұрланғаны туралы арызбен жүгінді.

Ол бекетте ер адаммен танысып, араларында қызықты әңгіме басталған соң, оны саунаға шақырған. Бірге алкогольдік ішімдік ішкеннен кейін жәбірленуші ұйықтап қалған, қолайлы сәтті пайдаланған күдікті ішінде шамамен 100 мың теңге ақшасы бар әмиянын ұрлап кеткен.

Жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысында, Сарыарқа аудандық криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері күдікті 31 жастағы қала тұрғынын анықтады. Әмиянда болған ақшаны ол өз қажеттіліктеріне жұмсаған.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру