Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Елорда полициясы көлікте есірткі тасымалдаған ер адамды ұстады

Елорда полициясы көлікте есірткі тасымалдаған ер адамды ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу аясында Астана қаласы ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері есірткі сақтауға қатысы бар күдікті азаматты ұстады.

Полицейлер 32 жастағы азамат басқарған KIA автокөлігін тоқтатты. Оның салонын тексеру барысында ішінен есірткі заты салынған 35 дана полиэтилен түйіншек табылды.

Сарапшының қорытындысына сәйкес тәркіленген заттар мефедрон есірткі заты болып шықты. Ер адам есірткіні сатып алып, құпия орындарға жасыру арқылы қала аумағында одан әрі тарату үшін оны орап алған.

Ұсталған адам мойындау көрсетпелерін берді. Аталған факті бойынша қылмыстық іс тіркелді.

Астана қаласының полиция департаменті елорда тұрғындарын есірткі заттарын заңсыз сақтауға байланысты қылмыс туралы қандай да бір ақпарат білсе 102 телефоны бойынша дереу полицияға хабарласуға шақырады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру