Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Елорда тұрғыны бұрынғы енесінің алтын бұйымдарын ұрлаған

Елорда тұрғыны бұрынғы енесінің алтын бұйымдарын ұрлаған, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Белгілі болғандай 22 жастағы бойжеткен бұрынғы енесінің үйінен құны 1 миллион теңгеден асатын зергерлік бұйымдарды алып кеткен. Ұрының олжасы алқа, жүзік, екі жұп сырға, екі ер жүзігі болған.

Полицияға хабарласқан егде әйелдің айтуынша, бұрынғы келіні ұлымен ажырасқан соң әкесімен қалған балаларға қонаққа келген. Ол үйге әр барған сайын ломбардқа тапсыратын алтын бұйымдарын алып шығуға мүмкіндік алған.

Жедел-іздестіру шаралары барысында Нұра ауданының полицейлері ұрлық жасаған келіншекті анықтаған. Ол кінәсін мойындап, заттай айғақтар алынып, иесіне қайтарылды.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Астана қалалық полиция департаменті азаматтарға қырағы болуды және оңай қол жететін жерлерде бағалы заттарды қалдырмауды ескертеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру