Елорда тұрғыны өмір бойына көлік құралын басқару құқығынан айырылуы мүмкін
Елорда тұрғыны өмір бойына көлік құралын басқару құқығынан айырылуы мүмкін, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ағымдағы жылдың 23 сәуір шамамен сағат 00.50-де Семей қаласына шығу кезінде ППБ қызметкерлері алкогольдік масаң күйде болған, үш жылға дейін көлік құралын басқару құқығынан айырылған, Мерседес-Бенц автокөлігінің руліне отырған Нұр-Сұлтан қаласының 33 жастағы тұрғынын ұстады.
– Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 346-бабы 1-бөлігі (Көлік құралын басқару құқығынан айырылған және масаң күйдегі тұлғаның көлік құралын басқаруы) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қазіргі уақытта бір қатар сот сараптамалары тағайындалды, оның нәтижесі бойынша процестік шешім қабылданатын болады, – деді ШҚО ПД бастығы Сағат Мадиев.
Аталған қылмыстық құқық бұзушылықты жасағаны үшін бес жылға дейін бас бостандығынан айырылу көзделген және өмір бойына көлік құралын басқару құқығынан айыру.
Сотқа дейінгі тергеп тексеру жалғастырылуда.
Полиция департаментінің аумақтық бөлімшелерінде сотқа дейінгі іс жүргізу аясында көлік құралын басқару құқығынан айырылған және масаң күйдегі тұлғаның көлік құралын басқаруының 33 фактісі тіркелген, 24 факті бойынша айыптау үкімі шығарылған.
Жол-көлік оқиғасына жол бермеу, жақындарыңыз бен туғандарыңыздың өмірін сақтау мақсатында ШҚО Полиция департаменті әрбір азаматқа Жол жүрісі қағидаларын сақтауға және белгіленген жылдамдық режимін арттыруға жол бермеуге кеңес береді.