Елорда тұрғыны танысының телефонын ұрлап, ақшасын шешіп алған
Елорда тұрғыны танысының телефонын ұрлап, ақшасын шешіп алған, – деп хабарлайды Polisia.kz
6 қарашада Целиноград ауданының полиция бөліміне аудан жанындағы ауылдарының бірінің 59 жастағы тұрғыны оған қатысты ұрлық жасалғаны туралы өтінішпен жүгінді. Жәбірленуші осы жылдың 16 қазанында оның Samsung Galaxy A10 телефоны ұрланғанын, кейін одан оның 76 мың теңге көлемінде ақша аударылғанын айтты. Келтірілген залал сомасы 146 мың теңгені құрады.
Ауыл тұрғыны телефонның жоғалғанын бірден байқамаған. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында учаскелік инспектор Е. Жұмабеков криминалдық полиция қызметкерлерімен бірлесіп қаскүнемнің жеке басын анықтады. Ол жәбірленушімен таныс 30 жастағы елорда тұрғыны болып шықты.
Егін жинау науқанында ер адам ауылда жұмыс істеп, жұбайымен біраз уақыт өтініш берушінің үйінде тұрған. Маусымдық жұмыс аяқталғаннан кейін елорда тұрғыны үйіне жиналды. Үй иесі ұйықтап жатқан сәтті пайдаланған ақмолалық ұялы телефонды алып, таңертең ерте кетіп қалған. Қаскөй досының телефоны мен банктік қосымшаның құпия санын көріп алған. Осы деректерді пайдалана отырып, ол үй иесінің шотынан ақша аударып, оны қолма-қол ақшаға айналдырып, жұмсаған.
Осы фактіге сәйкес, ҚР ҚК-нің 188-бабы 1-бөлігі (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Заттай дәлелдеме тәркіленді.