Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Елорда тұрғыны учаскелік полиция инспекторына кәсіби шеберлігі үшін алғысын білдірді

Елорда тұрғыны учаскелік полиция инспекторына кәсіби шеберлігі үшін алғысын білдірді, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Елордалық полицейлер көрсеткен көмектері үшін азаматтардан үлкен алғыстар алуда.

Атап айтсақ, “102” арнасына Есіл ауданы ПБ   №39-УПП-нің учаскелік полиция инспекторы Асқар Жакиповқа кезекті алғыс келіп түсті. Тәртіп сақшысы алаяқтық дерегінің алдын алған. Нәтижесінде учаскелік инспектор такси жүргізушісімен профилактикалық әңгіме жүргізіп, заң аясын түсіндірген.

– Учаскелік полиция қызметкеріне кәсібилігі, жауапкершілігі, адамдарға деген жақсы көзқарасы үшін алғыс айтамын, - дейді елордалық тұрғын.

Қосымша арқылы әйел адам Астанадан Талдықорғанға шамамен 400 мың теңге тұратын затты такси қызметі арқылы салып жіберген. 4 күннен бері сәлемдемесі айтқан мекенжайына бармаған соң әйел адам полиция қызметкерлерінің көмегіне жүгінеді.

Кезекшілікке түскен Асқар дереу мән-жайды толық біліп, такси жүргізушісін іздеп табады. 2 сағаттан соң сәлемдемесі айтылған мекенжайға барғанына қуанған әйел адам тәртіп сақшысына алғысын білдіреді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру