Елорда тұрғыны ұрланған автокөлігін тауып берген ақмолалық полицейлерге алғысын білдірді
Елорда тұрғыны ұрланған автокөлігін тауып берген ақмолалық полицейлерге алғысын білдірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ағымдағы жылдың 20 тамызында шамамен сағат 20.00-де Ерейментау АПБ полиция бөлімінің кезекші бөліміне Нұр-Сұлтан қаласының 33 жастағы тұрғынынан өтініш келіп түсті. Ер адам оның ВАЗ-21100 маркалы автокөлігінің ұрланғаны туралы хабарлады.
Жәбірленуші Ерейментау ауданындағы көлдердің біріне балық аулауға барғаны алдын ала анықталды. Өз көлігінен қайық пен жабдықтарын түсіріп алған ер адам көлікті жауып, жағадан 1,5 шақырымға жүзіп кеткен.
Уақыт өте кенеттен от алып, тас жолмен зымыраған өзінің автокөлігін көрген ол дереу полицияға қоңырау шалып, болған жағдай туралы айтқан.
Ерейментау АПБ қызметкерлері шұғыл түрде «Тосқауыл» жоспарын жариялады. Ұрлық туралы ақпарат бірыңғай орналастыру жүйесінде жұмыс істейтін барлық полиция бөлімшелеріне берілді.
Операция барысында 15 минут ішінде орман алқаптарының бірінде бұған дейін ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігі бойынша сотталған Нұр-Сұлтан қаласының 29 жастағы тұрғынының басқаруындағы автокөлік ұсталды, ол жасаған қылмысын мойындады. Полицейлер қаскүнем арызданушының көлігіне бұзып кіргенін анықтады.
Операция барысында 15 минут ішінде орман алқаптарының бірінде бұған дейін ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігі бойынша сотталған Нұр-Сұлтан қаласының 29 жастағы тұрғынының басқаруындағы автокөлік ұсталды, ол жасаған қылмысын мойындады. Полицейлер қаскүнем арызданушының көлігіне бұзып кіргенін анықтады.
Қазіргі уақытта аталған факті бойынша ҚР ҚК 200-бабының 1-бөлігі (Автомобильді немесе өзге де көлік құралдарын ұрлау мақсатынсыз заңсыз иелену) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Полиция қызметкерлері ұрланған көлікті тәркілеп, заңды иесіне қайтарды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Өз кезегінде, көлік иесі полицейлерге қылмысты ашу бойынша кәсіби шеберлігі мен жедел жұмысы үшін алғыс білдірді.