Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Елорда тұрғыны ұрланған велосипедтерді сатумен айналысқан

Елорда тұрғыны ұрланған велосипедтерді сатып, тиімді бизнеске айналдырған, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Сотқа дейінгі тергеу барысында 29 жастағы астаналық, ұрланған велосипедтерді OLX онлайн-платформасы арқылы сатқаны анықталды. Осылайша, төмен бағамен сатып алушылардың назарын өзіне қаратып, 5 велосипедті сатып үлгерген. Қазіргі уақытта полицияға велосипед ұрлығы туралы екі азамат хабарласты.

Мәселен, полицияға өтініш білдірген Лепсі көшесіндегі үйдің тұрғыны құны 56 мың теңге тұратын KSTON велосипеді ұрланғаны туралы хабарлады. Оның екі дөңгелекті көлігі күндізгі уақытта 1-қабаттағы кіреберісте тұрған, алайда оны белгісіз біреу ұрлап кеткені белгілі болды.

Жедел-іздестіру барысында Алматы ауданының полиция қызметкерлері велосипед ұрлығына қатысы бар деген күдікпен қала тұрғынын ұстады. Бұрын сотты болған қаскүнемнің ұрлық эпизодтары бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабымен тергеу жүргізіліп жатыр. Ол Астана қаласы ПД уақытша ұстау изоляторына қамалды. Бүгінгі таңда полицейлер ұрланған төрт велосипедті тәркіледі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру