Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Елорда тұрғыны зергерлік дүкеннен гауһар тасты сақинаны жымқырған

Елорда полицейлері гауһар тасты сақинаны ұрлаған әйелді ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Полицияға зергерлік дүкеннің 56 жастағы қожайыны жүгініп, бутиктен белгісіз адам құны жарты миллион теңгеге жуық гауһар тасты алтын сақинаны ұрлап әкеткені туралы хабарлаған. Жәбірленуші алтын бұйымның жоғалғанын бірнеше сағаттан кейін бірақ байқаған.

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу және бейнебақылау камераларын қарау барысында Байқоңыр ауданының криминалдық полиция қызметкерлері күдіктінің жеке басын анықтады. Ұрлықты Ақмола облысының 63 жастағы тұрғыны жасаған.

Тергеу барысында әйелдің елордаға келіп, өзіне алтын зергерлік бұйымдарды көрмекші болғаны анықталды. Ол зергерлік дүкенге келіп, сатушының басқа клиенттерге қызмет көрсетіп жатқанын пайдаланып, гауһар тасты сақинаны ұрлап, қылмыс орнынан қашып кеткен.

Азаматша мойындау көрсетпелерін берді, заттай дәлелдеме тәркіленді.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Астана қаласының полиция департаменті кәсіпкерлерден сақ болуды сұрайды және мүліктің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін дабылдар мен бейнебақылау камераларын орнатуды ұсынады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру