Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Елорда тұрғыны жалған ақпарат жариялап, таратқаны үшін жауапқа тартылды

Елорда тұрғыны жалған ақпарат жариялап, таратқаны үшін жауапқа тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

TikTok әлеуметтік желісінде Астана тұрғыны Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы Маралды ауылындағы жағдайды баяндайтын видео жариялады. Әйел ауыл тұрғындарының 3 жылдан бері алтын өндіретін фабриканың заңсыз құрылысымен күресіп, кен өндіру кезінде улы зат қолданып, жарылыс жасайтынын айтады. Видеорепортаж барысында арна авторы жазылушыларынан басылымды таратуды сұраған.

Полиция қызметкерлері тексеру жүргізіп, нәтижесінде қолданушы таратқан ақпараттың дұрыс еместігі белгілі болған.

Жалған ақпаратты орналастыру және тарату фактісі бойынша 45 жастағы елорда тұрғынына қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 456-2-бабының 5-бөлігі бойынша әкімшілік іс қозғалды. Сот оған 30 АЕК көлемінде айыппұл салу туралы шешім шығарды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру