Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Елорда тұрғыны жоқ пәтерлерді жалға берген

Елорда тұрғыны жоқ пәтерлерді жалға берген, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Елордада пәтер алаяғы бір тәуліктің ішінде ұсталды. 23 жастағы жас жігіт 6 адамды алдаған. Қаскүнем Астанада жоқ пәтерлерді жалға берген. Тергеу барысында күдіктінің OLX хабарландыруы арқылы жоқ пәтерлерді жалға беру туралы жарнама орналастырғаны анықталды. Жәбірленушілер қымбат емес бағаны көріп, хабарландыру бойынша қоңырау шалған.

Күдікті телефонмен сөйлескенде өте сыпайы және оның шарты алдын-ала төлем жасау болатын. Жас жігіт ақшаны алғаннан кейін бірден жарнамаларды алып тастап, телефон нөмірін ауыстырған. Оның бұрын риэлтор болып жұмыс істегені анықталды.

Осылайша 6 азамат алаяқтың айласына түсіп, оған 30 мыңнан 110 мың теңгеге дейін ақша аударған.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 190-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Қазіргі уақытта оның бұрын жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығына тексеру жүргізілуде, сондай-ақ басқа да жәбірленушілер анықталып жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру