Елордада 40-тан астам алаяқтыққа қатысы бар күдікті ұсталды
Елордада 40-тан астам алаяқтыққа қатысы бар күдікті ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Полицияға қала тұрғыны жүгініп, алаяқтық әрекеттердің құрбаны болғанын хабарлаған. Жәбірленушінің айтуынша, Olx қосымшасы арқылы алданып қалған.
Есіл ауданы ПБ полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс шараларын жүргізу кезінде алаяқтық жолмен ақша иемденген 31 жастағы тұрғынды анықтады.
Тергеу барысында ер адам Olx қосымшасында жиһаз сатамын деп алдап, дәл осындай іске қатысты 40-тан аса эпизоды бар екені белгілі болды.
Аталған фактіге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.